Статья Автор: Омарбек Нұр-Мұхаммед

Функцияны қайталау

1. Функцияны құру (Анықтау)

Python-да функция def (ағылш. define — анықтау) кілттік сөзінен басталады.

Мән қайтармайтын функция (без возврата)

Мұндай функциялар белгілі бір іс-әрекетті орындайды (мысалы, экранға мәтін шығару), бірақ негізгі бағдарламаға ешқандай дерек бермейді.



Мән қайтаратын функция (с возвратом)

Егер функция жұмыс нәтижесін бағдарламаның басқа бөлігінде қолдану үшін "бергісі" келсе, return сөзі қолданылады.



Практикалық тапсырмалар

1-тапсырма: «Таныстыру»

tanystyru(aty, mamandygy) функциясын құр.

  • Типі: Мән қайтармайтын.

  • Әрекеті: Экранға "Сәлем, менің атым — [aty], мен — [mamandygy]мын" деген сөйлемді шығару керек.

2-тапсырма: «Санның квадраты»

square(n) функциясын құр.

  • Типі: Мән қайтаратын.

  • Әрекеті: Берілген санының квадратын () есептеп қайтаруы керек.


2. Аргументтердің мәндері берілген кезде(Default Arguments)
Функцияның жақшасының ішінде айнымалыға бірден мән бере саламыз: аргумент = мән
Мысалы


Тағы бір мысал: Күрделірек функция

Мысалы, интернет-дүкендегі тауардың бағасын есептейтін функция:



Тапсырма 1.
send_invite(aty, qala = "Алматы", uaqyt = "18:00") функциясын құр.

  • Тапсырма: Функция экранға мынадай хабарлама шығаруы керек:
    "Құрметті [aty], сізді [qala] қаласында сағат [uaqyt]-де өтетін кездесуге шақырамыз!"

  • Тексеру:

    1. Функцияны тек есіммен шақырып көр (қала мен уақыт автоматты түрде шығуы керек).

    2. Функцияны басқа қаламен (мысалы, "Астана") және басқа уақытпен шақырып көр.

 

Печать