Кастомизация және стиль
Мақсаты: Графиктің түсін, сызық түрлерін өзгертуді және бірнеше деректі салыстыру үшін "легенда" қосуды үйрену.
1. Түстер мен маркерлер
График тек сызықтан тұрмауы керек. Маңызды нүктелерді ерекшелеу үшін біз маркерлерді қолданамыз.
-
color: сызықтың түсі ('red', 'blue', 'green', т.б.).
-
marker: нүктелердің пішіні ('o' — шеңбер, 's' — квадрат, '^' — үшбұрыш).
-
linestyle: сызықтың түрі ('--' — үзік сызық, ':' — нүктелі сызық, '-' — тұтас сызық).
2. Сетка және Легенда
-
Сетка (plt.grid(True)): графиктегі сандарды дәл анықтау үшін көмекші тор көздері.
-
Легенда (plt.legend()): Егер графикте екі немесе одан көп сызық болса, қай сызық нені білдіретінін көрсететін түсіндірме кесте.