1. «Банктегі депозит» (5 ұпай)
Елестетіңіз, сіз банкке белгілі бір соманы салдыңыз. Банк сізге жыл сайын пайызын қосып отырады. Сізге бірнеше жылдан кейін ақшаңыз қанша болатынын есептейтін бағдарлама керек. Және шыққан мәнді жуықтап шығару керек.
Тапсырма: deposit(aksha, zhyl, payiz = 15) функциясын жазыңыз.
-
aksha — бастапқы ақша (мысалы, 100 000 теңге).
-
payiz — жылдық пайыз, егер жылдық пайыз жазылмаса онда ол автоматты түрде 15% болады.
zhyl — неше жылға салғыңыз келеді.
- Функцияны 3 рет шақырып, кодты тексеру қажет.
Формула:

Санның дәрежесін табу үшін math.pow() функциясын және жуықтау үшін round() функциясын қолдану қажет.
2. «Уақытқа байланысты сәлемдесу» (5 ұпай)
salemdesu(aty, uakyt) функциясын жазыңыз. Ол пайдаланушының есімін және ағымдағы сағатты (0-ден 23-ке дейін) қабылдайды.
-
Егер сағат 12-ден кіші болса: "Қайырлы таң, aty"
Егер 12 мен 18 арасында болса: "Қайырлы күн, aty"
Егер 18-ден жоғары болса: "Қайырлы кеш, aty" деп қайтаруы керек.
- Мысалы: salemdesu("Нұрмаш", 13) функциясын шақырсақ, программа "Қайырлы күн, Нұрмаш" текстін шығару қажет
- Функцияның 3 жағдайына жұмыс жасайтындығын тексеру керек