Олимпиадный тренинг

Задача . Функцияны және random тақырыптарын қайталауға арналған есептер


Задача

Темы:

Мысал ретінде 1 мен 100 арасындағы кездейсоқ екі санның қосындысын табатын функция:

import random
def kosyndy(a, b):
    print(f"{a} және {b} санының қосындысы {a + b}-ға тең")
n1 = random.randint(1, 100)
n2 = random.randint(1, 100)
kosyndy(n1, n2)

Үшінші тоқсанда өтілген тақырыптарды қайталауға арналған есептер


1-есеп

1-ден 100-ге дейінгі кездейсоқ бүтін сан генерациялайтын және оның жұп немесе тақ екенін қайтаратын функция жазыңыз.

2-есеп

Екі кездейсоқ бүтін санды (-50-ден 50-ге дейін) генерациялайтын және оларды салыстырып, «>», «<» немесе «=» нәтижесін қайтаратын функция жазыңыз.

3-есеп 

Бір кездейсоқ нақты санды (-100-ден 100-ге дейін) генерациялайтын және оның оң, теріс немесе нөлге тең екенін қайтаратын функция жазыңыз.

4-есеп

Кездейсоқ кіші латын әрпін ('a'-дан 'z'-ге дейін) генерациялайтын және оның дауысты (a, e, i, o, u) немесе дауыссыз екенін қайтаратын функция жазыңыз.

5-есеп 

Үш кездейсоқ бүтін санды (0-ден 20-ға дейін) генерациялайтын және олардың қосындысын қайтаратын функция жазыңыз.

6-есеп 

Бір кездейсоқ нақты санды (1-ден 10-ға дейін) генерациялайтын және оның квадраты мен кубын қайтаратын функция жазыңыз. (Нәтижені кортеж немесе жол ретінде қайтаруға болады)

7-есеп 

Кездейсоқ бүтін санды (1-ден 7-ге дейін) генерациялайтын және оны апта күніне сәйкестендіріп (1 – дүйсенбі, ..., 7 – жексенбі) сөзбен қайтаратын функция жазыңыз.

8-есеп 

Кездейсоқ бүтін санды (0-ден 100-ге дейін) генерациялайтын және келесі шкала бойынша бағаны қайтаратын функция жазыңыз:

  • 90–100: «Өте жақсы»

  • 70–89: «Жақсы»

  • 50–69: «Қанағаттанарлық»

  • 0–49: «Қанағаттанарлықсыз»

9-есеп 

For циклін қолданып, 5 рет кездейсоқ бүтін санды (1-ден 20-ға дейін) генерациялайтын және әр санның квадратын қайтаратын функция жазыңыз. (Нәтижені тізім немесе жол ретінде қайтарыңыз)


time 1000 ms
memory 256 Mb
Правила оформления программ и список ошибок при автоматической проверке задач

Статистика успешных решений по компиляторам
Комментарий учителя