Статья Автор: Омарбек Нұр-Мұхаммед

3-сабақ. Pie Chart

🍕 1-тақырып: Pie Charts (Дөңгелек диаграммалар)

Теория: Дөңгелек диаграмма бүтін бір нәрсенің (100%) құрамдас бөліктерін көрсету үшін қолданылады. Мысалы, бюджеттің қайда жұмсалатыны немесе сыныптағы оқушылардың үлесі.

Негізгі функциялар:

  • plt.pie(values, labels=labels) — диаграмманы салу.

  • autopct='%1.1f%%' — пайыздық көрсеткішті автоматты түрде жазу.

  • explode=[0.1, 0, 0, 0] — бір бөлікті дөңгелектен бөліп, ерекшелеп көрсету.

  • shadow=True — көлеңке қосу (әдемілік үшін).

Код үлгісі:
import matplotlib.pyplot as plt

categories = ['Ұйқы', 'Оқу', 'Ойын', 'Тамақ']
hours = [8, 6, 4, 2]
explode = [0.2, 0.1, 0.1, 0.1]
plt.pie(hours, labels=categories, explode = explode, autopct='%1.1f%%', colors = ['red', 'blue', 'green', 'orange'], shadow=True)
plt.title("Менің бір күндік уақытым")
plt.show()

 


🥧 Pie Charts бойынша тапсырмалар:

1-тапсырма: "Сүйікті браузерлер" (Жеңіл) Мектептегі компьютерлерде қолданылатын браузерлердің үлесін көрсет:

  • Деректер: Chrome (60%), Firefox (15%), Safari (10%), Edge (15%).

  • Тапсырма: Осы деректерден қарапайым дөңгелек диаграмма сал. Әр бөліктің атын (labels) жаз.

2-тапсырма: "Смартфон нарығы" (Орташа) Әлемдік нарықтағы компаниялардың үлесін бейнеле:

  • Деректер: Samsung (30), Apple (25), Xiaomi (20), Vivo (10), Басқалар (15).

  • Тапсырма: Ең үлкен үлесті (Samsung) explode арқылы бөліп көрсет. Пайыздық мәндерді диаграмманың ішіне шығар.

3-тапсырма: "Сыныптың үлгерімі" (Random қолдану) Сыныптағы "5", "4", "3" алатын оқушылар санын кездейсоқ анықта:

  • Деректер: random.randint(5, 15) арқылы 3 түрлі баға алған оқушы санын жаса.

  • Тапсырма: Осы деректерден диаграмма сал. Түстерді "жасыл" (5-тер), "сары" (4-тер) және "қызыл" (3-тер) деп қолмен бер.

4-тапсырма: "Смартфондағы уақытым"

  • Деректер: Смартфонындағы "Экран уақыты" (Screen Time) бөліміне кіріп, ең көп қолданатын 5 бағдарламасының уақытын жазып аласың.

  • Тапсырма: Осы уақыттың қалай бөлінгенін дөңгелек диаграммада бейнеле.

  • Талап: Түстерді бағдарламалардың логотипіне ұқсас етіп таңда (YouTube - қызыл, WhatsApp - жасыл т.б.).

Печать