Жеңілдетілген жоба: «Мини-дүкен»
Мақсат
Өткен тақырыптарды (list, dict, function, if/else, for, lambda) қайталап шығу.
Қолданылатын ұғымдар
-
list → тауарлар тізімі
-
dict → әр тауардың сипаттамасы (атау, баға)
-
function → тауарларды көрсету, себетке қосу, жалпы соманы шығару
-
if/else → дұрыс емес енгізуді тексеру
-
for → себетті айналып өту
-
lambda → мысалы, баға бойынша сұрыптау
Міндетті мүмкіндіктер
-
Тауарлар тізімін шығару (атауы, бағасы).
-
Таңдалған тауарды себетке қосу (санын енгізбей-ақ, тек 1 дана қосуға болады).
-
Жалпы соманы есептеу (барлық қосылған тауардың бағасын қосу).
-
Чек шығару (тауарлардың атын, бағасын, соңында жалпы соманы көрсету).
Тауарлар тізімі мысалы(қазақша)
dict қолдану арқылы тауарлар тізімін жаса
-
Алма – 120 ₸
-
Банан – 180 ₸
-
Нан – 250 ₸
-
Сүт – 300 ₸
-
Қант – 500 ₸
Пайдаланушы сценарийі
-
1-қадам: Тауарларды көреді.
-
2-қадам: «Алма» таңдайды → себетке қосылады.
-
3-қадам: «Нан» таңдайды → себетке қосылады.
-
4-қадам: «Чек шығару» → экранда «Алма – 120, Нан – 250, Барлығы: 370 ₸» деп шығады.
# Тауарлар тізімі (list of dict)
products = [
{"name": "Алма", "price": 120},
{"name": "Банан", "price": 180},
{"name": "Нан", "price": 250},
{"name": "Сүт", "price": 300},
{"name": "Қант", "price": 500},
]
# Бос себет
cart = []
def list_products():
# Тауарларды көрсететін функция
for product in products:
print("Продуктының аты: ", product['name'], "Бағасы: ", product['price'])
def add_to_cart(choice):
#себетке қосылатын функция
def show_receipt():
#Чекті шығаратын функция
#Фунцияларды шақыру арқылы кодты тексеру
while True:
print('''Операцияның біреуін таңда
1) Продуктыларды көрсету
2) Продукты таңдау
3) Чекті көрсету''')
op = int(input("Қайсысын таңдайсыз: "))
if op == 1:
list_products()
elif op == 2:
pass
elif op == 3:
pass